Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева үлкен спортпен қоштасқанын мәлімдеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 21 жастағы Элизабет Тұрсынбаева өзінің инстаграм парақшасында @elizabetkz спорт мансабын ақтағанын мәлімдеді.

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның 2014-2016 жылдары ересектер арасындағы чемпионы, 2019 жылы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Қысқы Азиада ойындарының күміс жүлдегері. 21 жастағы спортшы қазір Қазақстанда жүргенін және ел спортының дамуына ат салысатынын мәлімдеп, ата-анасына, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетіне алғысын білдірді.

Айта кетейік, SportQory Элизабет Тұрсынбаеваға 2019 және 2021 жылдары демеушілік қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасаған еді.

Осы орайда, SportQory ұжымы талай байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшының алдағы жолына толағай табыс тілейді!