«2021 ITTF Kazakhstan International Open» турнирі өз мәресіне жетті

SportQory қолдауымен үстел теннисінен Қарағанды қаласында өткен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» турнирі өз мәресіне жетті. Бес күнге жалғасқан халықаралық додада отандық спортшылар сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық Кирилл Герасименко аталған доданың жекелей сынында топ жарды. Сондай-ақ, ол ерлер арасында жұптық кезеңде Алан Құрманғалиев жұбымен финалда қарсыластарынан басым түсті.

Ал әйелдер арасында Айя Әлімбаева үздік үштіктен көрініп, ел қоржынына қола жүлдені салды.

SportQory ұжымы жарыс қатысушыларын және барша жеңімпаздарды құттықтайды!