Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық рейтингтік «2021 ITTF Kazakhstan International Open» турнирі өтеді

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі өтеді. 15-19 қыркүйек аралығына жоспарланған дүбірлі дода Қарағанды қаласындағы жаңа «Saryarka» үстел теннис орталығында ұйымдастырылады.

Байрақты бәсекеге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстаннан 70 -тен астам спортшы қатысады. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл беделді жарыс ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының ТМД елдеріндегі биылғы жалғыз рейтингтік турнирі болмақ.

Бұл бәсекеде ел намысын екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко қорғайды. Турнирді Qazsport телеарнасы мен Халықаралық ITTF федерациясының ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік кетейік, SportQory Қазақстан үстел теннисі федерациясына 2015 жылдан бастап демеушілік қолдау көрсетіп келеді.