Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші ұпайына қол жеткізді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қыркүйек айында үш ойын өткізді. Алдымен Украина құрамасына қарсы «Астана Арена» стадионында 2:2 есебімен тең түсті. Ойында Руслан Валиулин дубль авторы атанды.

Артынша құрама жігіттері Хельсинкидегі Олимпиадалық стадионда Финляндияға 1:0 есебімен жол берді.

Талғат Байсуфинов шәкірттері кеше Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойнап, кездесудің соңғы минуттарында Бақтиер Зайнутдиновтың айып добынан соққан голының арқасында 2:2 есебімен тең түсті. Аталмыш ойындағы біздің құраманың алғашқы голын «Астана» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат соққан болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасы келесі кездесуін қазан айында өз алаңында өткізеді.

Осы орайда, #SportQory ұжымы Қазақстан ұлттық құрамасының сырт алаңдағы жақсы нәтижесімен құттықтап, алдағы ойындарына сәттілік тілейді!