BAQ League IX маусымы өз мәресіне жетті

2021 жылғы SportQory жобаларының бірі - шағын футбол мен волейболдан журналистер арасындағы BAQ League сайысы.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы жазғы шағын футбол маусымы тартысқа толы өтті..

А және Б лигаларына бөлінген 12 команда 3 айдан астам уақыт бойы әр сенбі-жексенбі күндері тартысқа толы ойындар өткізіп, өзара жеңімпаздарды анықтады.

Нәтижесінде, Б Лигасында «Qsport» командасы топ жарса, «Metaratings» ұжымы екінші орынды иеленіп, ал «7 арна»  қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал А Лигасындағы тартыс соңғы турға дейін жалғасып, «Qazaqstan-Qazsport» турнир жеңімпазы атанды. 7 дүркін BAQ League чемпионы «Хабар-Құрман» екінші орынды місе тұтса, үздік үштікті «Қазмедиа» орталығының командасы түйіндеді.

Сондай-ақ, «Qazaqstan-Qazsport» командасы журналистер кубогының финалында «7 арна» командасын жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сайыс аяқталғаннан кейін жүлдегер командаларға, өз позицияларында үздік шыққан ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.