Қор бұқаралық спорт жобаларына қолдау көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша қор екі бұқаралық спорт жобасын іске асыруды мақұлдады.

Бірыңғай оператор белгілі қазақстандық спортшы Сергей Цырульниковтың «Batyrs Battles» авторлық жобасына және Қазақстан әуесқой футбол лигасының «Президенттің Супер Кубогы» турниріне қаржылай көмек көрсетеді.

«Batyrs Battles» – баттл жарысы, қазақ ұлттық стиліндегі шоу элементтері бар күштік атлетика бойынша республикалық жарыс. Жобада Ұлттық ерекшелік басты негізге алынып, ол материалдық ортада да көрінеді: киім, аренаны безендіру, ұлттық рәміздер.  Жобаның басты мақсаты Ұлы Дала – батырлар мен палуандардың бірегей рыцарлық кодексін дәріптеу. 

«Президенттің Супер Кубогы» – елорда лигаларының көшбасшылары қатысатын, яғни осы спорт түрін сүйетіндер арасындағы шағын футболдан турнир.