Бірыңғай оператор тұжырымдамасының бағдарламалары

#SportQory тұжырымдамасындағы басым бағыттардың бірі - бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ықпал ету.

​Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды ынталандыру бағдарламалары:

1. Демеушілік келісімдер шеңберінде қаражатты қайта бөлу. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында қазақстандық спортта ынтымақтастық тетігін енгізу. Бұл үшін спорт федерацияларына бөлінетін демеушілік көмектің кемінде 15%-ы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортына бағытталатын болады.

2. 1:1 механизмі. Бағдарлама коммерциялық ұйымдардың шағын спорттық жобаларды қаржыландыруына мүмкіндік береді. Бұл тетік мынадай түрде жұмыс істейді: коммерциялық ұйым іс-шараға, турнирге, жарысқа, чемпионатқа, кубокқа және т.б. демеушілік қолдау көрсетеді. Мысалы, “X" компаниясы балалар спорттық жарысын өткізуге 1 миллион теңге бөледі, ал бірыңғай оператор осы іс-шараны қаржыландыруды екі есе арттыру түрінде қолдау көрсетеді. Коммерциялық демеуші ұйымдарға бұл қай жағынан пайдалы болмақ? Олар белгілі бір спорттық іс-шараны қаржыландырудың үлкен көлеміне байланысты компанияның жарнамалық мүмкіндіктерін арттыра алады;

"Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы. ...
Узнать подробнее
Қазақстан Республикасының Теннис федерациясы ...
Узнать подробнее
Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы ...
Узнать подробнее
Қазақстан триатлон федерациясы ...
Узнать подробнее
Галерея