Қордың бас директоры «Bag League» журналистер Лигасының жабылу рәсіміне қатысты

Спорт қорының бас директоры Асхат Сейсембек журналистер арасындағы дәстүрлі «Bag League» 8-ші маусымының жабылу салтанатына қатысып, турнирдің үздік ойыншыларын марапаттады.

Турнирдің маңыздылығы және бұқаралық спортты дамытудағы рөлі туралы Асхат Сейсембек, QAZSPORT телеарнасы дайындаған арнайы репортажда өз пікірімен бөлісті:

«Барша ұйымдастырушыларды Бақ Лига 8-ші маусымының мәреге жетуімен құттықтаймын. Қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – бұқаралық спортты барынша дамыту және насихаттау. Ол үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажет. Осы ретте Бақ Лиганың бұқаралық спортты дамытуға қосып жатқан үлесі зор»