Қордың бас директоры Республикалық спорт телеарнасының эфирінде қонақта болды

Қордың бас директоры Асхат Сейсембек QazSport телеарнасындағы "QazSport алаңы" бағдарламасының қонағы болды.

40 минуттық эфир тақырыбы - "Қаржыландыру лимиті - кәсіби клубтардың жаңа шындығы". 

Қазақстандағы спортты қаржыландыру туралы пікірталас аясында Қор басшысы Қордың қызметі және ұйымның алдында тұрған маңызды міндеттер туралы айтып берді.