Қор қазақстандық спорт саласында демеушілік көмек көрсету бойынша бірыңғай оператор мәртебесіне ие болды

14 қыркүйек күні «Егемен Қазақстан» республикалық мерзімді басылымында дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі комиссияның шешімін көрсететін құжаттар жарияланды.

Байқау қорытындысы бойынша бұл мәртебеге «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ ие болды. Осыған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бірыңғай оператордың негізгі мақсаты Қазақстандағы дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету екендігін хабарлаған болатын.

Қаржыландырудың басты көзі ретінде жаңа мәртебе шеңберінде Қор дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдарға демеушілік көмек көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын болады.  

Ұйым қызметіндегі басым міндеттердің бірі бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының танымалдығын арттыру және дамыту, сондай-ақ осы бағыттар бойынша өз жобаларына бастама жасауды жоспарлап отыр.

Әлеуетті тиімді пайдалану және бірыңғай оператордың идеясын іске асыру үшін Қорға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамынан, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздерден ақшалай демеушілік көмек түрінде қаражат түсетін болады.