Қор ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін, 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту бөлігінде туризм индустриясы мен спортты қолдау Қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Отырысқа Қордың бас директоры Асхат Сейсембек, ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының басшысы Тастанбек Есентаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дәріптеу, жастар арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамыту, рухани және мәдени құндылықтарға тарту, ғылымды дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберіндегі ұйымдардың өзара ынтымақтастығының басым бағыттары:

- дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын және спорттық жарыстарға тұрақты қатысатын халықты қамтуды ұлғайту;

- спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- спортпен жаппай айналысуды арттыру;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы қазіргі заманғы озық білімді іздестіруде және пайдалануда өзара жәрдемдесу;

- дене шынықтыру мен спортты дамытуды кадрлық, ғылыми-әдістемелік, медициналық, ақпараттық, Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді құру;

- ғылыми конференциялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру арқылы бұқаралық спорт мәселелері бойынша хабардар болуға және білім деңгейіне жәрдемдесу.

"Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы. ...
Узнать подробнее
Қазақстан Республикасының Теннис федерациясы ...
Узнать подробнее
Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы ...
Узнать подробнее
Қазақстан триатлон федерациясы ...
Узнать подробнее
Галерея