Қордың Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін, 16 ақпанда, Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қордың Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Жиын барысында бас директор 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мәселелер шешілді:

1. Қордың алқалы органы 2020 жылға арналған спорттық жобалардың ақшалай қаражатын мақсатты пайдалану туралы есепті қарап, оны қабылдады;

2. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі Бірыңғай оператордың Тұжырымдамасы бекітілді. Құжатты іске асыру 2023 жылға дейін 2 кезеңде жүзеге асырылатын болады және оған сәйкес қорда ұйымның ішкі процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп, ең үздік халықаралық тәжірибе бойынша спортты қаржыландыру саласында, оның ішінде 2020 жылғы 1 қыркүйектегі балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту туралы Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыруға жәрдемдесу бойынша БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ спорттық демеушілікті дамыту бойынша ақпараттық-таныстыру жұмысы енгізіледі;

3. Қордың ұйымдық құрылымы жаңғыртылды, штат кестесін оңтайландыру жүргізілді; Бұл шешім, Мемлекет басшысы мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту және олардың қызметін жетілдіру қажеттігін атап өткен ел Президентінің жоғарыда аталған Жолдауына сәйкес қабылданды;

4. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Заңға сәйкес қорға «Сәтті жұлдыз» АҚ лотерея қызметінің бірыңғай операторынан түсетін ақшалай қаражатты одан әрі бөлу туралы шешімді бекітті;

Кездесу қатысушылары 2021 жыл-олимпиадалық жыл болғандықтан, еліміздің спорттық өміріндегі осы жылдың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қор тұжырымдаманы табысты іске асыруға және де халықаралық аренадағы спорттық жобалар мен спортшыларды қолдау үшін барлық күш-жігерін салатын болады.

Галерея