Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

Қор - Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қайырымдылық (демеушілік) ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады. Ұйым қайырымдылық (демеушілік) көмектің әлеуетті алушыларының өтінімдерін қабылдаумен, өңдеумен және талдаумен айналысады.

Мақсаттары:

1. Кәсіби және әуесқой спортты қолдау;

2. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту;

3. Бұқаралық спортты насихаттау және дамыту;

4. Қордың жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру үшін демеушілерді, Қайырымдылық жасаушыларды ынтымақтастыққа тарту.

Жұмыс принциптері:

1. Қызметтің ашықтығы;

2. Тиімділігі;

3. Әлеуметтік маңыздылығы;

4. Жүйелілік.

2010
"VII Азия ойындарын қолдау қоры" корпоративтік қоры құрылды
2011-2015
2012-2014 жж. Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командаларды қолдау үшін Қордың атауы "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" болып өзгертілді.
2018
Ішкі реттеуші құжаттар жаңартылды. Қайырымдылық (демеушілік) көмек алушылар саны артты.
2020
Дене шынықтыру және спортты дамыту саласында бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу бойынша бірыңғай оператор мәртебесін алды.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу тәртібі