Азамат Дәулетбеков 3 дүркін Азия чемпионы атанды

Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.

Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті жықты. Есеп: 5-2.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.